«Өмiр сенi жақсы көрем...»
Өмiр, сенi жақсы көрем,
Жек көрем,
Қуаныш бар...
Ренiш бар ептеген.
Тағдырымның қайығында теңселiп,
Шуағыңның шеңберiнде шектелем.
Өмiр, сенi жақсы көрем...
Жек көрем,
У қалдыма жүрегiмнен төкпеген?!
Сенi дырдай сабадым да,
өзiм де
тағдырымнан «қара» таяқ жеп келем.
Өмiр, сенi жақсы көрем,
Жек көрем,
Күзде курап,
Көктемеде көктегем.
Керуен – күнiң қуанышсыз, қайғысыз
өткелiнен өзегiмнiң өтпеген.
Өмiр, сенi жақсы көрем,
Жек көрем,
Ойнатысың ойыныңды отпенен.
Естiмейсiң арманымның айқайын,
Кесiлгендей құлағың да кеп-керең.
Өмiр, Сенi жақсы көрем,
Жек көрем,
Емексiтер кулығың бар көптеген.
Араздасып...
Татуласып келемiз,
Ине – жiттей арамызды көктеген.
Жек көргенмен қайда қашып құтылам,
Тiрлiгiмнiң қармағына тұтылам...
Бiрақ сенi қимай,
Артқа жалтақтап
Уақыттың жұмырына жұтылам.