03.06.2022
  117


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Бәрі жалғыз...

Бәрі жалғыз,
«көп» дегенім – көлгірлік,
Өмешені үзіп,
Көкке телмірдік..
Табиғаттан тауанымыз ажырап,
көкіректі көр қылдық .
Талабымыз бықсып жанып,
түтіндеп,
Қыл көпірде сағы сынып күтірлеп,
Жыртық-тесік жүрегімді Сендерге
ұсынамын бүтіндеп.
Жалғыздықтың жанға батып жапасы,
Қоршауынан құтқармайды қапасы.
Сар даланың сағымына шомылып,
дем береді бабалардың батасы...
Қиял жалғыз, арман жалғыз, ой жалғыз...
шайқатылып шықтық шаттық
тойдан біз,
Жалаң ағаш жапырағын жел жұлып,
томсарады тойған күз...





Пікір жазу