03.06.2022
  148


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Ұттым және ұтылдым тағдырымнан...

Ұттым және ұтылдым тағдырымнан,
Мойыныма су кетті жаңбырынан.
Жартасына жалғанның соқтығысып,
Жүрегімнің үнімен жаңғырығам.
Арман бекер,
өтірік өмір өткен,
Айдың,
Жылдың қойнында кегім кеткен.
Ақиқаттың айнасы– балалығым,
көдесіне аунатқан керім көктем!
Жақынымдай жаныма жанасады,
Сәбиліктен сұраймын арашаны.
Кешегіге көңілді суарамын,
Бүгінгіден таба алмай «тамашаны».
Шаттық, бақыт бұйырса бал шырындай,
Өтер едім қайғыға қарсы ұрынбай?!
Көңіліме қақ тұрды,
жауыннан соң
қара жолдың кілкіген шалшығындай…





Пікір жазу