03.06.2022
130
Қарттардың қатарына қосыла алмай....
Қарттардың қатарына қосыла алмай,
Ортаның арасында досы қалмай,
Көн көңіл елеңдейді екінтіде,
Жалғыздық жаласынан шошығандай.
Қалайды от басында оңашаны,
Ортайған ойға опық жол ашады.
Жалғанның жалғыздығы жылатқанда
тұмандай бұлдырайды болашағы.
Өмірдің өксітеді өтірігі,
«Бақыттың» бүлк етпестен беті күлді…
Тірлікті талақ етіп, таңғы шықты
кешсең ғой,
шешіп тастап етігіңді.
Табына топырақтың табаныңды
иіскетіп,
аршып алсаң ақ арыңды,
Туыс боп табиғаттың тауанымен,
Кір шалмас кіреукесіз қабағыңды…