03.06.2022
  152


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ƏЙЕЛ – ӨЛЕҢ, ƏЙЕЛ – ƏН

Əйел деген əн-өлең,
Нəзіктік пен сұлулық.
Əйел болмаса əлемнен,
Қашар еді-ау жылулық.
Əйел деген елге ибаң,
Тұнып тұрған ар-ұят.
Ұят тұрған жерде иман
Тұрад дейді шариғат.
Жақсы əйел сүйеуің,
Күнде басыңды амандар.
Жаман əйел күйеуін,
Төркініне жамандар.
Жақсы əйел үмітің,
Атар таңың арайлы.
Жаман əйел жігітін,
Құлтемірге балайды.
Жақсы əйел елге құт,
Белдеуіңнен ат кетпес.
Жаман əйел ерге жұт,
Көңіліңнен тат кетпес.
Жақсы əйел жанға ұя,
Жез болсаң да алтынсың.
Жаман əйел алдында
Бай болсаң да пақырсың.
Жақсы əйел ырысың,
Құдай қосқан қосағың.
Жаман əйел үй-ішін
Шарқылдатар, ошағын.
Жақсы əйел намысың,
Қалқаның ғой оқ қағар.
Жаман əйел абысын
Арасына от жағар.
Жақсы əйел берекең,
Жүрер елді төркін қып.
Жаман əйел көлеңкең,
Қоймас басқа еркіндік.
Жақсы əйелге жерік ас
Еңбегінің жемісі.
Жаман əйел сері мас,
Қимылдамас қол ұшы.
Жақсы əйел елге аңыз,
Иіледі хан басы.
Жаман əйел желқабыз,
Өсек-аяң қамбасы.
Білімді мен наданды
Жетектеген нарындай,
Жақсы менен жаманды
Қосақтаған тағдыр-ай.
Махаббаты мəуелі,
Шын ғашықтар аз қалай?
Салиқаның Сəмені
Бола алмаған боз бала-ай.
Шын ғашықтар кім еді,
Замананың зəруі-ай.
Төлегеннің Жібегі
Бола алмаған ару-ай.
Естай менен Қорландай,
Бар ма əлемге болған жыр?!
Қызғаныштан ор қазбай,
Махаббатты қорғай біл.
Əйел деген əн-өлең,
Нəзіктік пен сұлулық.
Əйел болмаса əлемнен,
Қашар еді-ау жылулық.





Пікір жазу