03.06.2022
  135


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АЛТЫН БҰЛАҚ

Тауға еркелеп асыр салған алтын бұлағым,
Аялдашы, сағындым ғой қансын құмарым.
Мөлдіріңнен алтын нілін емірене жұтайын,
Қызғанбасын ақ қайыңдар, жасыл құрағың.
Қайырмасы:
Сағындырған алтын бұлағым,
Сағым қуған оралды ұланың.
Бір кездегі құрбы қыздар қайда екен,
Құлағына естілсеші бұл əнім.
Қалған сенде жасырынып жастығымды іздедім,
Оған балап аяладым, гүлдеріңді үзбедім.
Алтын бұлақ, тағайыншы мойыныңа алқа ғып,
Жырларымның меруерттей мөлдіреген тізбегін.
Қайырмасы:
Алтын бұлақ,
арындаған күнің бар ма көктемсіз,
Алтын бұлақ,
дарын маған лауылдаған төксең сыр.
Менің-дағы арман атты ерке назды бұлағым,
Көзі жайнап ақса екен өзіңдей боп көктемшіл.
Қайырмасы:
Сағындырған алтын бұлағым,
Сағым қуған оралды ұланың.
Бұтақтағы бұлбұлдарың шырқасын,
Шарықтасын аспаныңда, аспаныңда бұл əнім.





Пікір жазу