03.06.2022
  182


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЕРТІС ҚЫЗЫ

Көктемнің көгілдір,
Кеші еді көңіл жыр,
Көбелек қуған жер –
Келемін туған жер,
Ертісімді аралап,
Думанды бар алап.
Жорғалап толқыны,
Балықтың шолпылы.
Ертіспен жалғасып,
Аққуға əн қосып,
Ару тұр жағада –
Шарқ ұрған шағала.
Ертістің сұлуы,
Қозғалып бұрымы,
Қарасын ұрлана,
Ақ жүзі нұрлана.
Сезіммен жасырын,
Еске алсын ғашығын





Пікір жазу