03.06.2022
165
КӨҢІЛ СҰРАУ КӨҢІЛГЕ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ?
Ана жатыр емделіп, бала жатыр,
Бастарына түскендей заманақыр.
Таңдайына сырқаттың су тамызып,
Ақ халатты періште қарап жатыр.
Қайырмасы:
Аяқ жеңіл болсын деп қаумалаған,
Жанашыр кеп жақыннан, тау-даладан.
Көңіл сұрау көңілге қандай жақсы,
Науқас дейтін алғанда жау жағадан.
Өмір деген өзен ғой бойламайтын,
Кім бар дейсің жағада ойнамайтын.
Бүгін жатсаң егіліп емханада,
Ертең тағы күнің бар тойланатын.
Қайырмасы.