03.06.2022
299

КӨРШІЛЕР
Ақ босағаны айшықтап жайған ірге,
Қуанышта, қайғыда болған бірге.
Тумаса да туыстай болып кеткен,
Көршілердей (жанашыр қайда бізге) (2 рет)
Қайырмасы:
Аяулы көршілер-ай,
Ақ еділ есіл жан-ай.
Бір-бірін көрмей қалса,
Көңілі көншімейді-ай.
Даладай дастарқаны,
Бөлінбес еншілері-ай.
Арғымақтай арманы арындаған,
Босамаған от басы базынадан.
Қыдыр дарып, бақ қонған көршілер-ай,
Берекенің (қаймағы қалыңдаған) (2 рет)
Қайырмасы:
Ұлтқа, руға, нəсілге бөліп-жармай,
Үркердей боп ұйысқан көңіл қандай?!
Соғым басын көршіге сыйлайтұғын,
Ақ баталы (қазақтың келіндері-ай) (2 рет)
Қайырмасы.