03.06.2022
151
САҒЫНДЫМ, ЕКІ АРЫСЫМ
Кім бізді екі айырсын,
Неге үйге бір келмейсің.
Сағындым, екі арысым,
Бір жерде жүргендейсің.
Қараймын тербетіле,
Аққумен бірсіңдер ме?
Мəдідей жер бетіне,
Шыға алмай жүрсіңдер ме?!
Қайырмасы:
Қарлығаш қанатынан,
Хат жазып жібердің бе?
Алатау сағасынан,
Жетем деп бірер күнде.
Сағындым, сағындым,
Сағындым, екі арысым.
Ырымдап гүл үзбеймін,
Секілді жасар, ұлан.
Сендерді күнде іздеймін,
Достарың қатарынан.
Аңсаумен өмір өтіп,
Бұл сапар аяқталар...
Теңгедей темір етік,
Тебендей таяқ қалар.
Қайырмасы.