meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  808


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЖИЕНЖАН

Қанатысың жиенім, нағашыңның,
Дəнекері екі ауыл арасының, жиенжан.
«Қырық серкеш» қырқадан маңырайды,
Сағындырмай келсеңші қарашығым, жиенжан.
Қайырмасы:
Жиенім – ат байларым,
Түлегім – ақ қайнарым.
Қай жерде жүр екенсің,
Жарқырап (ақ маңдайың) (2 рет)
Үйдің жақсы болуы ағашынан,
Жиен жақсы болуы нағашыдан, жиенжан.
Ақ шашулы айтулы азамат бол,
Айы туып алдынан бағы ашылған, жиенжан.
Қайырмасы.





Пікір жазу