meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  166


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АҚ ҚАЙЫҢ

Ақ қайың, қуанамын жасылдансаң,
Жамылып жасыл желек қасыңа алсаң.
Жиылып қыз-бозбала айлы кеште,
Тебеміз бұтағыңда алтыбақан.
Қайырмасы:
Туған елде құрдасым көп,
Туған жерде сырласым көп.
Сəулеме айтам абайсызда,
Жапырағыңды,
Жапырағыңды жұлмашы деп.
Ақ қайың ақ тілекпен аймалайын,
Біз үшін қашандағы саяң дайын.
Кезінде басын қосып бақыт тапқан,
Қайда екен Қозы Көрпеш-Баяндарың?!
Қайырмасы:
Туған елде құрдасым көп,
Туған жерде сырласым көп.
Сəулеме айтам абайсызда,
Жапырағыңды,
Жапырағыңды жұлмашы деп.





Пікір жазу