meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  147


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

СƏУЛЕМ

Сəулем, сəулем кезбеймін жасыл бақты,
Менің гүлім ол жерден ашылмапты.
Өзің тұрған ауладан басқа жаққа,
Маған деген ризық шашылмапты.
Қайырмасы:
Өмірде сен еркем боп,
Бағымда берекем боп.
Шалқытшы, жадыратшы,
Жүрейін көлеңкең боп.
Жасыратын сырым жоқ сенен менің,
Əуреңе де келеді көне бергім.
Мамыр болсаң, болайын Қалқаманың,
Жібек болсаң, болайын Төлегенің.
Қайырмасы.
Өмірде сен еркем боп,
Бағымда берекем боп.
Шалқытшы, жадыратшы,
Жүрейін көлеңкең боп.





Пікір жазу