03.06.2022
  130


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АҚ МАРАЛ

Көркем жер біздің арал,
Тоты гүл – бал қарағай.
Керіліп сұлу марал,
Келеді маған қарай.
Мылтықты тұрмын сайлап,
Келсін деп қарауылға.
Тоғайда бұлбұл сайрап,
Жұпар леп таралуда.
Аялап аң еркесін,
Жасырды дала алшынмен.
Ашты да тау өр төсін,
Көк орман қанатымен.
Ой келді тосыннан бір,
Жөн болар атпағаным.
Менің де осындай бір
Бар еді ақ маралым.
Көркем жер біздің арал,
Тотыгүл – бал қарағай.
Керіліп сұлу марал,
Келеді маған қарай.
Мылтықты тұрмын сайлап,
Келсін деп қарауылға.
Тоғайда бұлбұл сайрап,
Жұпар леп таралуда.





Пікір жазу