03.06.2022
157
ЕРТІС ПЕН ҚЫРАН
Жағасында қалықтап қыран,
Даласында тебіскен құлан.
Ұлы тауда ұлары шулап,
Киігі жортқан Ертіс пен Қыран.
Қайырмасы:
Тұлпарлардың дүбірі қалған,
Сұңқарлардың тұғыры қалған.
Батырлардың ұраны қалған,
(Мекенім менің – Ертіс пен Қыран) 2 рет
Жағасында қалықтап қыран,
Даласында тебіскен құлан.
Аққу қонған айдыны жыр-əн,
Мекенім менің – Ертіс пен Қыран.
Қайырмасы:
Асылдардың сынығы қалған,
Ордалардың уығы қалған.
Көсем де туған, шешен де туған,
(Мекенім менің – Ертіс пен Қыран) 2 рет