03.06.2022
214
ЗИРАТ БАСЫНДА
Жарың,
балаң,
дос қалып,
Басыңа орнап жас қорған.
Алатауды жастанып,
Жатырсың ба, қос қарғам.
Бастарыңнан көшер бұлт,
Күздің қара дауылы.
Сендерге енді мекен-жұрт,
Райымбек ауылы.
Көз жасымды төктім көп,
Қайғыменен қартайдым.
Топырағын септім кеп,
Қабіріңе Алтайдың.
Тірлікке не жетер,
Қайтпақшымыз қош десіп,
Анаң күнде тербетер,
Жыламашы, қос бесік.
Əке, бауыр, ағалар,
Көрмесек те қараңды.
Көгершін боп аралар,
Рухтарың ғаламды.