03.06.2022
125
ТАҒДЫР
Терістен жел,
тебіскен бұлтым шығып,
Жастайынан жасытты бұл тіршілік.
Отыз ұлдан айырылған бір-ақ күнде,
Жасамап ем Дəуіттей 1 күпіршілік.
Қай қиырға салса да қу тіршілік,
Балам үшін жасадым шүкіршілік.
Екі бірдей айырылып арысымнан,
Өртенді өзек,
миымнан түтін шығып.
Екі иықты мұң басып екі таудай,
Тұрғанымда буынды бекіте алмай.
Тағдыр деген кəніккен кəрі мерген,
Атысады араға елші салмай.
«Аңдысқан жау жақсы деп атысқанға»,
Қылаң берер шығыстан,
батыстан да.
Мен сенемін жауынгер жырларыма,
Өз тұрғымда қалар деп оққа ұшсам да.