meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  136


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

БҮГІР ҚЫЗЫ

Бүгірдің қара көзді сұлу қызы,
Көңілден қайғының жоғалды ізі.
Əн айттық, би биледік, көп қарастық,
Көңілім көбелектей қиял қуды.
Бұлбұлым бол төбеме қона барып,
Жұлдызым бол аспаныма аға барып.
Ақпан қыста сəулешім тоңам деме,
Əкетейін махаббатқа орап алып.





Пікір жазу