03.06.2022
125
АҒАЙЫНДАР
Бір ауылдың сабағы едік біз бұрын,
Ен далада өзі ұстаған тізгінін.
Қызығын да бірге көрген қыз-ұлдың,
Сəбидің де өзі кескен кіндігін.
Басымыздан күндер өтті зілзала,
Елу жылда болды міне ел жаңа.
Қолымыз да, жолымыз да ұзарып,
Кеңейді кең қолтық пен ен-жаға.
Ағайындар, қаладағы бұл үйің,
Жесең тамақ, болған кисең киімің.
Қарлығаш та ұмытпайды ұясын,
Қыран-дағы қия алмайды биігін.
Түбін қусақ тамырың бір, тегің бір,
Малға салар таңба менен енің бір.
Жат бауыр боп кетпес үшін ұрпақтар,
Ағайындар ат ізін сап келіп жүр.