03.06.2022
  111


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ОТ ӨШПЕСІН

Тағдыр бізді қосыпты бала кезден,
Суық сөз де болмады араға ерген.
Жасыл көктем, өмірдің қоңыр күзі,
Артымда да сар жұрт боп қала берген.
Жастық шақты тек сенен сұраймын мен,
Өте шықты жорғадай бір ай мінген.
Ақбас атан секілді мосқал тарттық,
Керуенде тұз артып ұзақ жүрген.
Өлім, өмір – қос бекет,
парқында есеп,
Жаратушым метр сап жатыр өлшеп.
Жер ортасы асқанда көк төбеден,
Тілеймін, отымызды өшірмесек.





Пікір жазу