03.06.2022
115
МЕН ДЕП ӨТТІҢ
Шабан едім, жүйрік дедің,
Аласа едім, биік дедің.
Басқаларға сыйықсыздау,
Ал өзіңе сүйікті едім.
Менен көрген кешірмеңнің,
Бірі – отымды өшірмедің.
Бірі – оқуға кеткенімде,
Күнін көрдің жесірлердің.
Əр заманда құбылмалы,
Сенің-дағы ізің қалды.
Əлсіз едім,
сен болған соң,
Менің туым жығылмады.
Шабан едім,
жүйрік дедің,
Аласа едім,
биік дедің,
Əлемдегі жақсылықтың
Келді бəрін үйіп бергің.