03.06.2022
96
СӨКПЕЙІК
Қаламы жаңа ұшталған бала ақынды,
Сөкпейік болмадың деп қара тілді.
Қазіргінің сөзі алтын мықтылары,
Ондай-ондай өлеңдер жазатын-ды.
Олар-дағы жас болып «желікпенен»,
Бəйгелерден шаң қауып желіп келген.
Олар-дағы маңдайын жартасқа ұрып,
Абайға да, Байронға еліктеген.
Өнер қуған өр болсын жасқа бағаң,
Аяғыңның астында жатса, жаман.
Мың езіңнен бір ердің құны артық,
Болу керек адамда асқақ арман.
Қаламы жаңа ұшталған бала ақынды,
Сөкпейік, болмадың деп қара тілді.
Қыран-дағы баулиды балапанын,
Желге қарсы жаны деп қанатыңды.