03.06.2022
132
ҚОС ҚАРЛЫҒАШ
Тауларды асып, теңіз кешкен,
Қос қарлығаш келді үйіме.
Адамзатпен егіз өскен,
Оларға үйім кең дүние.
Ұясына қонып алып,
Қуанғаны сайрағаны.
Уыс жемді қолына алып,
Сəбиім де тайраңдады.
Емес бұлар салқын жұпты,
Құс болса да үндес екен.
Кей жұбайлар татулықты
Қарлығаштан үйренсе екен.