03.06.2022
133
БЕСІК
Қыс отаршыл халықпыз, жаз көшпенді,
Ұнатамыз еңселі тауда өскенді.
Тіршілікке қиянат демегейсің,
Бесік үшін орманнан тал кескенді.
Жамбасыңа жөргектен алтын батты,
Өміріңді бұл бесік алшындатты.
Бұл бесікте шіреніп Жəнібектер,
Өлең пірі Абайдай ақын жатты.
Болмаса да өрнегі, оюы ерек,
Салтымызда бесіктің орны бөлек.
Бабаларым жасаған тал бесікті,
Мұражайдың төріне қою керек.
Шырағыңмен аластап, бөлеп бала,
Тербете бер бесікті желекті ана.
О, ұрпақтар, ақ сүттің киесі бар,
Ала жібін біреудің сен аттама.