meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  209


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҮКІ

Қуаныштың жараған керегіне,
Болса керек «қасиет» бедерінде.
Жүйрікке де дəмелі үкі тағып,
Кежімдейміз бəйгеден келерінде.
Торқалы той, үкілі тілеу күнде,
Ризамын бақытты бұл өмірге.
Сəменбеттің бұлғақтап сары үкісі
Өлеңімнің жүрсе екен біреуінде.





Пікір жазу