03.06.2022
142
ӨЛЕҢ ҒОЙ АДАМ ӨМІРІ
Лирика жазып қайткенің,
Қырқылжың тартқан шағыңда.
Дегендей маған айт жөнін,
Қарайды жарым тағы да.
Деймін оған жеңілмей,
Өлең ғой адам өмірі.
Бар емес пе өзіңдей,
Келіншектердің көңілі.