03.06.2022
  105


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АРМАН

Маужырап жаздың таңы атса,
Жуылар нұрмен көк шынар.
Шабыты келген саятта,
Қыранда арман жоқ шығар.
Қанатын көк пен көлде есер,
Арманға аққу зар ма екен?
Сағынар жырын көрмесе ел,
Ақында арман бар ма екен!?
Арман, сені қолыма,
Тілемеймін қонсаң деп.
Бақытымның жолында,
Туа берші шолпан боп





Пікір жазу