03.06.2022
  122


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚАЙЫҚ

Аққу төсті қайықты,
Қарапайым дегенмен.
Таға алмаймын айыпты,
Маған артық кемеден.
Ағашынан мекеннің,
Жұмысшы оны жасаған.
Қызметін өтеуін,
Адамзаттың аңсаған.
Толқын жарып дауылда,
Кешіп теңіз айдынын.
Жүдеу тартқан ауылға,
Тасыпты отан байлығын.
Бағдар айқын, сенеміз,
Қадам тастап байыппен.
Сапар шегіп келеміз,
Өмір атты қайықпен.





Пікір жазу