03.06.2022
  130


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ҚҰСТАР КЕЛДІ

Шіркін, тілін ұғар ма едім,
Сорғалайды əн тамылжып.
Құстар келді туған жерін,
Жылылықты сағынып.
Жаз көктемге ғашық жаны,
Масайрайды алақай.
Мауқын басып жатыр бəрі,
Үркітпеші, балақай.
Болды өзен, көл ақ қорымды,
Кейі қонып кезеңге.
Мерген жігіт,
тарт қолыңды,
Мылтығыңды кезенбе!
Дəнікпе құс еттеріне,
О да өмірге қиянат.
Бейбіт елдің көктемінде
Өсе берсін ұялап.





Пікір жазу