03.06.2022
123
САҒЫНАМ ДА ТҰРАМЫН
Түскен едік суретке,
Гүлін ұстап даланың.
Балалық шақ бір бетте
Қалса да ашып қарадым.
Жетпейтіндей таластық,
Қарақаты қыранның.
Қайсымызда ағаттық,
Сағынам да тұрамын.
Əперем деп тошала,
Тастан тайып құладым.
Сағынарым осы ара,
Мен үшін сен жыладың.
Тінтуші едің қойнымды,
Жоғалғанда тұмарың.
Шыт тастаған ойныңды
Сағынам да тұрамын.
Алтыбақан тебуші ең,
Аспан болып тұрағың.
Іздеуші едің бөлінсем,
Сағынам да тұрамын.
Əзілдейтін жеңгейім,
Шақырад деп сыңарың.
Қызарушы ем, не дейін...
Сағынам да тұрамын.