03.06.2022
127
ЕЛЕСТЕДІ
Ұйықтап қалған дос-жаран,
Түн ортасы болған кезі.
Қалды шалып қос қараны,
Бағбанның тарлан көзі.
Алма ұрысын ұстағалы,
Барса-дағы тебінді.
Сезді нені... ұрыспады əлі,
Жалт бұрыла шегінді.
Демеді оны несіне жүр,
Жасқамады, жасытпады.
Бағбанның да есіне бір
Елестеді жастық шағы