03.06.2022
  147


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

АЙНА АЛДЫНДА

Айна алдында қадала,
Құбылмалы тұр сұлу,
Ойлайды ол:
– Қалада
Менен басқа кім сұлу?
Бұрымы оның қысқарақ,
Саршегір ғой, сол нағыз.
Бақ таласым құс қабақ,
Ал, анаушы,
дорба ауыз...
Елестетіп бəрін де,
Қалды кенет сұрлана.
Жараспайтын əлі де
Міні бардай бір ғана.
Тұрдым мен де қатты аяп,
Сезіп ойын құрбымның.
Тəңір бұдан тартпай-ақ
Берсе жөн ед қыр мұрын.





Пікір жазу