meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  175


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Алғашқы өлең

Алғашқы өлең шыққан күні баспадан,
Қуандым ғой сəбиге əке болғандай.
Құттықтаған сабақтастан, достардан
Сұрай бердім: оқыдың ба, ол қандай?
Өмір ойға өрнек түсір сырыңнан,
Өйтпегенде бəрі маған сыншы екен.
Болашақта қартайсам да, жырымнан
Нəрестенің иісі шығып тұрса екен!





Пікір жазу