03.06.2022
  149


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ОҚУҒА АТТАНУ

Сезді ме екен жан азығын,
Болса да əкем балажан.
Беріп жатып базарлығын
«Оқы деді қаладан».
Торсық байлап қанжығама,
Шылбырымды ұзартып.
Үй жанында қалды ана,
Мені оқуға ұзатып.
Алыстадым ауылымнан,
Көз ұшында нүкте боп.
Алыстадым бауырымнан,
Сонда ғана есті боп.
Күдір жолда ілби бердім,
Келсе-дағы тез жеткім.
Өмірдің де ылди-өрін,
Қолау таймен сезбеппін.





Пікір жазу