03.06.2022
180
БАЛ АРАСЫНА
Алдымдағы асыма таласпа ара,
Гүл бағында саған да бар «асхана».
Ауламдағы қарақат шырыны бұл,
Таласуын қарайгөр, о, масқара.
Жасқай қалсам, шағам деп гуілдейсің,
Бəлкім, менің денемнен у іздейсің.
Гүл патшасы, онан да жөніңе көш,
Қызғалдақтан тауларға ту ілгейсің.
Қылығыңа тұрса да көңіл кейіп,
Тайталасқан бұ да бір өмір дейік.
Қонағым бол кішкене «зорекерім»,
Төбелеспей қалғанын бөліп жейік.