03.06.2022
  100


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ЕСІ-ДЕРТІҢ БИЛІКТЕ

Бастық шықса мінбеге,
Жапырылған қоғасың.
Демек «ы» мен «һ»-ге де,
Шапалақты соғасың.
Ақын шықса мінбеге,
Отырасың мелшиіп.
Өлеңінен бірдемде,
Қос өкпеңе жел тиіп.
Ақымағым, ала құс,
Есі-дертің билікте.
Биіктесең дара ұш,
Ақындарға килікпе.





Пікір жазу