03.06.2022
121

ƏКІМ МЕН АҚЫН
Əкімді халық іздейді,
Мұң-мұқтажымды айтсам деп.
Ақынды халық іздейді,
Өлең тыңдап қайтсам деп.
Əкімде де əкім бар,
Сөзі ағатын, ақпайтын.
Ақында да ақын бар,
Айтатын да, айтпайтын.