03.06.2022
113
Қосыла қалса басымыз
Қосыла қалса басымыз,
Бой менен ойды түзедік.
Домалар өрге тасымыз,
Ертіс пен Қыран біз едік.
Көшеге сыймай ірілеп,
Ілінбей көңіл ілгегі.
Дəстүрмен сілтер бір-бірлеп,
Сағындым сол бір түндерді.
Сол көше бүгін бос қалды,
Ешкім жоқ бізге ер дейтін.
Сағындым абзал достарды,
Сағындым жарды келмейтін.