03.06.2022
  100


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Атпаса екен

Қай жыртықты жамайын,
Қайырылмады дос əлі.
Жақсы көрер ағайын,
Айтақтап ит қосады.
Жаман болсаң қол ұшын
Беруге де жарамай.
Бұзылады не үшін,
Жылқы мінезді адам-ай.
Ұлы тауға биіктеп,
Шыққым келед жалы қыс.
Тағы біреу киік деп,
Атпаса екен жаңылыс.





Пікір жазу