03.06.2022
123
Ту тігемін
Аяулы сыршыл елім, сыншыл елім,
Мен де бір бұтақтағы жыршың едім.
Өкінем,
(Өзіңменен тағдырлас боп),
Обалды өтіп кетті қыршын кезім.
Күніне өтіп жатса мың тілеуің,
Ішінде маған да бар бір тілегің.
Туған ел, шыңыңа егер шыға алмасам,
Өзім шыққан төбеңе ту тігемін.