03.06.2022
  129


Автор: Табиғат АБАЙДІЛДАЕВ

Жанардың қуысында...

Жанардың қуысында,
Жазбаған жатыр əнім.
Жүрегім, уысыңда,
Жамылар топырағым!
Өзіме өзім бөтен,
Неліктен зорсынамын.
Кездерім төзімге тең –
Келеді жол сұрағым...
Құрдымға түсіп кетпей,
Ішімнен тына бердім.
Жанымнан ұшып кетпей,
Жүрегім тұра бергін!
Сейілмес базынам да,
Жазылмай жатыр əнім.
 Өмір боп жазылам да,
Өлең боп оқыламын!
Ақынмын, дерегім саз,
Өрлеймін өр екпінмен!
Əйелге керегім аз,
Əлемге керекпін Мен!





Пікір жазу