03.06.2022
116
ӨМІРДІ ҚЫЗҒАНАМЫН
Сарқылмас сезімдерден,
Таусылмас тағаттардан.
Темірдей төзімдерден,
Тынымсыз сағаттардан.
Кеткеннің кемесінен,
Өткеннің қарауынан.
Өлімнің жебесінен,
Өмірдің тарауынан.
Сөздерден есіп өткен,
Кездерден құт дарыған.
Түндерден есінеткен,
Көздердің сұқтарынан.
Жүректің жауынынан,
Түнектің бал-уынан.
Уақыттың дауылынан,
Бақыттың қауымынан.
Кешегі елесімнен,
Бүгінгі парақтардан.
Көшкенше сен есімнен,
Қызғанам Жаратқаннан!
Айықпас əттеңіммен,
Шақтарға жүз қарадым.
Өлімдік дəптерімнен,
Өмірді қызғанамын!!!