03.06.2022
263
АНА
Батыр анам, саған əлі сəбимін,
Өзімді мен құшағыңда танимын,
Бесік жырын айтқызамын еркелеп,
Бесігіңде тербетіліп қалғимын.
Апа, менің саған айтар сырым бар,
Тілеушім сен ақ баталы жырың бал.
Ойы бекем, озық туған, от жүрек,
Қуана бер, апа, сенің ұлың бар.
Апа, менде тым қиянға ұшты арман,
«Бақыт» атты басыма кеп құс қонған,
Қара өлеңмен хат жазатын нар ұлмын,
Жіберетін алтын қанат құстардан.
Апа, маған алаңдама, қайғырма
Аққу болып қондым мөлдір айдынға,
Арқа төсін арқауым деп асықтым,
Осыны, апа, түсінбей-ақ қойдың ба?!
Апа, рас Іледегі* күн қандай,
Алтын ақша төбеңнен кеп құйғандай,
Алқа моншақ төгіп тұрған сол елден,
Кетті, сірə неге ұлың байланбай?!
* Іле – Қытайдағы қазақ облысы.