03.06.2022
  164


Автор: Мерей Қартов

БІЗ

Біз – қазақтармыз:
Ерлерi ел есiндегi,
Тариxтың белесiндегi,
Татулық туын көтерген,
Бiрлiктiң кемесiндегi.
Бiз – қазақтармыз:
Кiндiгiн қылышпен кескен,
Далада тынышпен өскен,
Ұлтына қайғы туғанда,
Ұрандап ұлыспен кешкен.
Бiз – қазақтармыз:
Күлiгiн жаратып мiнген,
Тапқанын таратып бiлген.
Қақ бөлген қара қылды да,
Намысты найзағай тiлмен.
Бiз – қазақтармыз:
Найзаға намысын iлген,
Алысын, жақынын бiлген,
Əлемнiң бесiгiн тербеп.
Жаманға жуымас мүлдем.
 Бiз-қазақтармыз:
Руxты бөрiсi шулаған,
Аруақты тұлпары тулаған,
Iрiлiк көшiнде келемiз,
Iлесiп күндерде зулаған.





Пікір жазу