meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.06.2022
  188


Автор: Ақерке Асан

ШАҢЫРАҚ

Сал дəурен – Сақ дəуірі, саңылағым.
Ғұн ғұмыр – ғапыл дүние, бағы мəлім.
Ес кетіп, есер заман қысқан кезде,
Көк түркі қайта тікті шаңырағын.
Жаңғырып аңыз күндер есімдегі,
Қозғалып кеткен екен көш ілгері,
Ақ орда алты Алашқа айбар болды,
Көтерген көк байрағын Есілдегі.
Жиырма жыл... аз ба, көп пе, ел біледі,
Құба жон, құмбыл дүние, бел біледі.
Қол жайып құбылаға кейуана,
Тəубə деп, əжем əркез елжіреді.
Сол сəтте жасты көріп жүзіндегі,
Тағдырын салмақтадым ізіндегі...
Қарағым дейтін сонсоң тебіреніп:
«Дəстүрден тұр едік қой үзілгелі».
Кеткен жоқ ойландырып текке мені,
Қыс өткен, мамыражай көктем еді.
Есімде қалып қойды қарт əжемнің,
Кереге, уықтарды көктегені...
Қазақтың болса шіркін ойлағаны,
Алашым азаттығын тойлар əлі.
Жиырма жыл! түсті есіме сонда əжемнің,
Құрсаулап шаңырақты майлағаны.
Бебеулеп боз даланын сағым əні,
Зеңгір көк бұлттан алқа тағынады.
Ғаламның дауылынан аман болғай,
Алаштың алтын баулы шаңырағы!





Пікір жазу