Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының лизингі
Қарапайым тілмен айтқанда лизинг термині сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизинг ретінде қажеттті құрал- жабдықтар, техникалар, ғимараттар алуға болады. Мысал келтіре кетейін. Асхаттың кішігірім мал шаруашылығы бар делік, сонымен қатар ол егін өсірсін. Күзде сол егінді жинап алу үшін оның комбайн сатып алатын қаражаты жеткіліксіз не мүлдем жоқ болса комбайнды лизингке сатып ала алады. Комбайн
8 миллион теңге тұрады деп есептесек, Асхат ай сайын банкке 450 000 теңге төлеп отыруы керек болады, оның ішінде 350 000 теңгесі комбайн үшін, ал қалған 100 000 теңгесі сол комбайнның жалдау құны. 2 жылдан кейін банкке 10 800 000 теңге (он миллион сегіз жүз мың) береді, ал комбайн болса Асхаттың жеке меншігінде қалады. Түсінікті болса, бағдарламаларға көшейік:
«Егінжай» бағдарламасы
Аталған бағдарлама атауы айтып тұрғандай егінмен айналысатын жандарға. Лизинг ұзақтттығы
- 7 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қарастырыл- маған). Аванс техника бағасының 10%. Бағдарламада авансты егін жинап болғаннан кейін де енгізу мүмкін- дігі бар. Лизинг құралы – комбайн.
«Сенімді фермер»
«Егінжай» бағдарламасынан айырмашылығы бұл бағдарлама бойынша лизинг ұзақтығы – 10 жыл, ешқандай авансты қажет етпейді. Сыйақы мөлшер- лемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қарастырылмаған). Аванссыз лизингке қол жеткізу үшін клиенттің үздіксіз және сапалы кредиттік
«тарихы» болуы керек. Демек, «ҚазАгроҚаржыдан» алынған қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактілері болмауға тиіс. Лизинг құралы – 100 миллион теңгеден аспайтын ауыл-шаруашылық техникасы.
«Өз жем-шөбіміз»
«Өз жем-шөбіміз» бойынша лизинг ұзақтығы – 10 жыл. Сыйақы мөлшерлемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қарастырылмаған). Аванс техника бағасының 10%. Бағдарлама үшін қа- рамағыңызда мал болуы міндетті. Лизинг құралы
- мал азығын өндіруге арналған ауыл шаруашылық техникасы.
«Экспресс-лизинг»
Бұл лизинг бағдарламасының басқасынан айыр- машылығы 5 жұмыс күн ішінде сіздің өтінішіңіз бой- ынша жауап келіп кояды. Ешқандай табыс көзін раста- уды қажет етпейді. Аванс техника бағасының 25%. Лизинг ұзақтығы – 10 жыл. Сыйақы мөлшерлемесі – 17% (соның ішінде субсидия 7 пайыз), 9% (субсидия қа- растырылмаған). Лизинг құралы – құны 100 миллион теңгеден аспайтын ауыл шаруашылық техникасы.
«КазАгро» холдингі ұсынып отырған лизинг бағдарламаларының басқа да түрлері бар, мен ең негізгілеріне тоқтала кеттім. Айта кететін жайт холдинг бөлімшелері еліміздің бүкіл қалаларында бар. Барлық бағдарламалар жайлы толық ақпаратты www.kazagro.kz сайтынан көруге болады. Сайттың ішінде бәрі бар, қазақ тілінде ақпарат толып жатыр, одан қалды жоқ қазақша терминдерді түсінбеймін десеңіз орыс тілі де бар, маған ағылшынша оқу ыңғайлы дейтін жанға шет тіліндегі нұсқа да дайын тұр. Айта кететін жайт сайтқа тіркелу үшін сізге ЭЦҚ керек (ЭЦП оны сіз ЦОН-нан ала аласыз). Сайт ішінде несие калькуляторы, сан түрлі бағдарламалар, егер де қай салаға барсам болады деген сұрақтар мазалап жүрсе, кішігірім сұрақ-жауап арқылы сізге сай келетін саланы да таңдап бере алады. Барлық несиелер бойынша өтініштерді онлайн түрде бере аласыз. Қажетті құжаттар тізімін тіркеген соң, несие берілетін болды ма әлде жоқ па жеке кабинеттен қарап отырасыз. (www.kazagro.kz сайты, байланыс нөмірі 8 800 080 35 05).
www.kazagro.kz 8 800 080 35 05 |
Көріп тұрғандарыңыздай елімізде бизнес баста- уға арналған бағдарламалар түрі өте көп, бастысы ниет болу керек. Әрекет етіңіздер, маған қашан біреу береді деп отырғанша, қазірден бастап іске кірісіңіздер! Әрекет түбі – берекет!
Кәсіп ашуға бағдарламалар легін тізе кеттім. Әйтсе де, бұл бағдарламалармен бизнес ашуыңыз үшін, ең әуелі дұрыс бизнес-жоспар болуы керек. Еле- стетіп көріңізші: қалай болса солай, нақты мақсатсыз, сауатты бағдарлаусыз, қаржылық есептілік дұрыс жүргізілмеген бизнес-жоспарға кім салым салғысы келеді? Әрине ешкім!
Бизнес-жоспарыңызды жазуды неден баста- рыңызды білмейсіз бе?
• Қайтарымсыз гранттар,
• Өте аз пайызбен беріліп жатқан несиелер,
• Қайтарымсыз субсидиялар жайлы көп етисіз.
Алайда білсеңіз де ол бағдарламалармен дұрыс жұмыс жасау керек екенін ұғыну қиындық тудырып жатады. Тіпті әлгіндей бағдарламалардың шартта- рын тындап қайтып кететіндер де көп.
Көп ойланып, даурығудың қажеті жоқ. Ең дұры- сы бұл сұрақтар бойынша кәсіби мамандарға жүгін- геніңіз абзалырақ болады.
Біріншіден, көп уақыт жоғатпайсыз. Екіншіден, анық әрі нақты түсіндерме жұмы-
сы арқылы бәрі ап-айқын, ешқандай қиындығы жоқ екеніне көзіңізді жеткізесіз.
Бизнесіңізді бастау үшін қанша қаражат ке- рек?
Қаншалықты ол бизнеске сұраныс бар?
Салынған ақшаңыз қалай ақталады, қандай қаржы көздері бар, қандай бағдарлама тиімді бо- лады?
Сондай-ақ өзге де сұрақтарға инвестиция ана- литиктері өте сауатты түрде жауап береді. Алған ақ- шаңыз жетпей қалып, жарты жолда бизнесіңіз тоқтап қалмауын қалайтыныңыз анық. Олай болса биз- нес-жоспарларға тапсырыс бергеніңіз тиімді болады. Себебі де сол қыруар шығынға бой алдырғаннан гөрі, сенімді бизнес-жоспармен жұмыс жасап, ақшаңызды құлдырауға емес, жүз есе ақтауға әрекет ете аласыз.
Сіздер үшін осы саладағы нағыз білгір, бар- лығын толық қамтып кәсіби түрде жұмыс істей- тін Назым Алиева деген маманды басып айтқым келеді. Қанша дегенмен алаяқтарға сеніп сан соғып қалмас үшін немесе бизнесіңізді көтеремін деп түсіріп алып, салдарыңыз суға кетпесін деп арнайы анықтама ретінде жазып отырмын. Тіпті төменге Назымды тез табуларыңыз үшін қажетті ақпарат көздеріп қалдырып кетейін.
Назымның сайты: kfr.kz Ұялы телефоны: 87073240067
Инстаграмда: @nazym_aliyeva деген парақша.