«ZhasProject»
Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы, елімізде 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама жұмыссыз жүрген жастардың (18-29 жас) кәсіп ашып, ісін өркендетуге бағытталған. 2019 жылы аталған бағдарлама Нұр- Сұлтан, Алматы қалаларында сонымен қатар Ақмола облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы және Маңғыстау облыстарында жүзеге асқан болатын. Жеңімпаздар ішінде менің командам да болған еді. Қайтарымсыз миллион және 6 ай бойы шәкіртақы сіздің кәсіп ашуыңызға жақсы мүмкіндік. Биыл Алматы және Қарағанды облыстарына 250 грант бөліп отырған жобаға өтінімдер 1 ақпаннан 1 наурызға дейін қабылданған болатын. Аталған жоба жеңімпаздары жоғарыда айта кеткен кәсіп ашуға миллион теңге сонымен қатар жоғары оқу орнының түлектеріне 60 000 теңге, қалған қатысушыларға 40 000 теңге ай сайынғы өтемақы төленеді. ZhasProject жобасының жеңімпаздарының бірі ретінде бірнеше кеңес бере кетейін:
- 3 адамнан 5 адамға дейін команда жинау. Қатысушылардың ең көп санын тартуды ұсынамын – жоба үш адамнан кем командамен іске асырылмайды. Егер қатысушылардың біре- уі белгілі себептер бойынша жобадан шыққан жағдайда, жоба жабылады. Қатысушыларды ауыстыруға болмайды, яғни Серік, Марат, Майра болып бастасаңыздар жоба соңына дейін осы команда қалуы тиіс, біреу шығып қалса жобаңыз жабылады.
- Топтың әр қатысушысы тіркеуден өтіп, барлық қажетті тармақтарды толтыруы тиіс. Өтінішпен алдын ала оқып, танысып алыңыз. Толтыру барысында сізге бірқатар құжаттарды бекіту қажет болады, оларды алдын ала дайындаңыз. Команда көшбасшысы кім болатынын анықтап алыңыздар. 18 жастан кіші қатысушы топ көш- басшысы бола алмайды;
- Конкурстық өтінімдерді іріктеудің кезеңдерін қадағалап отырыңыздар;
Бұл жобаға өтініш беру www.zhasproject.kz сайты арқылы. Немесе басқа да толыққанды ақпараттарды тап осы сайттан ала аласыздар.