03.06.2022
  194


Автор: Дәулет Мұқаев

Салық есептіліктері

Бұл тарауда шағын кәсіппен айналысатын дара кәсіпкерлер ең жиі пайдаланатын оңайлатылған және патент негізіндегі салық режимдерінің салық есептіліктерін қарастырамыз.


Патент негізіндегі салық режимінің салық есептілігі 911.00 нысанды есептілік. Бұл режимді табысын алдын ала білетін кәсіпкерлерге пайдаланған ыңғайлы. Себебі салығы алдын ала төленеді. Мысалы 2020 жыл үшін кәсіпкерлер 2019 жылдың желтоқсан айында салық төлеп, есептіліктерін тапсырды. 911.00 есептілігі 1 жылға арналған. Алайда 1 жылдың са- лығын бірден төлеуге мүмкіндігі болмаса, ай сайын есептілікті тапсырып, ай сайын төлемдерді жасап отыруға болады. Толығырақ төменде қарастырайық.


 



 



 



 


Енді осы салық есептілігі қалай толтырылады, қалай есептеледі?


«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



  • салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);

  • дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы.


Салық есептілігін электронды түрде тапсыратын болсаңыз, ЭЦҚ арқылы салық төлеуші кабинетіне кірген кезде жоғарыдағы жолдар автоматты түрде толтырылып тұрады.



  • салық есептілігі (есеп) табыс етілетін салық ке- зеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

  • Есеп түрі. Бұл торкөзде салық есептілігін бірінші рет тапсырып отырған болсаңыз «бастапқы» одан кейінгі есептіліктер «кезекті» толықтырулар мен түзетулер енгізу мақсатында болса «қосымша», ал егер салық басқармаларынан келген хабарламаға жауап ретінде тапсырылып отырған салық есептілігі болса «хабарлама бойынша қосымша» деген түрі белгіленеді;

  • хабарламаның нөмірі мен күні. Бұл торкөз есептіліктің төртінші түрі болған кезде ғана толты- рылады;

  • салық төлеушінің бөлек санаттары. Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В, C немесе D торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;


 


А – Салық кодексінің 40 бабына сәйкес сенімгерлік басқарушы;


В–Салықкодексінің 40-бабынасәйкессенімгерлік басқарушы құрылтайшысы;


С–«Бухгалтерлік         есеп         пен         қаржылық есептілік туралы»                   2007                               жылғы



  • ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы) 2-бабы 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді;


D – «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 2-бабы 2-тармағына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізбейді;



  • Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе.


Егер салық төлеуші Салық кодексінің 686- бабының 2-1 тармағына сәйкес салық органдарына деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйесін тіркеуге қойған жағдайда торкөз белгіленеді


А - Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің және иесінің атауы көрсетіледі;


В - Үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің номері көрсетіледі;


С - Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені тіркеуге қойылған күн көрсетіледі;



  • «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;

  • торкөз есеп электронды түрде табыс етілген


 


кезде белгіленеді;



  • табыс етілген қосымшалардың саны.



  1. «Патент құнын есептеу» бөлімінде:



  • 00.001 жолында сауда саласында қызметті жүзеге асыруды қоспағанда, дара кәсіпкердің кірі- стері сомасы көрсетіледі; Яғни саудадан өзге кәсіп түрінен түскен табыс жазылады.

  • 00.002 жолында сауда саласында қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкердің кірістері сомасы көрсетіледі:


А - қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен алынған кірістер;


В - қолма-қол ақшамен есеп айырысу жолымен алынған кірістер;


3) 911.00.003 жолында ((911.00.001 + 911.00.002 А)


х 1 %) формуласы бойынша айқындалатын, есептел- ген жеке табыс салығы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте есептелген салық сомасы 1 теңгеге дейін дөңгелекте- нуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома есепке қабылданбайды;


4) 911.00.004 жолында: 911.00.002 В х 2 % форму- ласы бойынша айқындалатын, есептелген жеке та- быс салығы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте есептелген салық сомасын 1 теңгеге дейін дөңгелектенуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома Есепке қабылданбайды;


5) 911.00.005 жолында Салық кодексінің 686- бабының 2-1 тармағына сәйкес күнтізбелік бір жылға жеке табыс салық соммасын төмендету (60   000   тенге   соммасына,   бірақ есеп-


 


телген   жеке   табыс   салық   соммасының 50 пайызынан артық болмауы тиіс) көрсетіледі.


Салық органдарына деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйесін тіркеуге алғаш рет қойған кезеңде соңғы кезекті немесе қосымша патент құнының есептілігінде жеке табыс салығының соммасын есептеген кезде салықты төмендету жалпы толық салық кезеңі үшін бір мезетте жүзеге асырылады;


6)  911.00.006  жолында  (911.00.003+911.00.004)



  • 00.005 формуласы бойынша айқындалатын, есептелген жеке табыс салығы сомасы көрсетіледі.

  • 00.007 жолында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі;

  • 00.008 жолында жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табыс көрсетіледі;

  • 00.009 жолында жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының сома- сы көрсетіледі;

  • 00.010 жолында міндетті әлеуметтік ме- дициналық сақтандыруға жарналарының сомасы көрсетіледі.


12) 911.00.011 жолында дара кәсіпкердің орна- ласқан жері бойынша аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтiң әкім аппараты- ның БСН (бизнес сәйкестендіруші нөмірі) көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімдеген дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігі жүзеге


 


асырылатын    орын,    дара    кәсіпкердің    орналасқан орны болып танылады.


14-1. «Қорлар бойынша деректер»:


911.00.012 жолында қорлардың құны көрсетіледі:


А – жолында толық салық кезең басындағы қорлардың құны көрсетіледі;


В - жолында толық салық кезең соңындағы қорлардың құны көрсетіледі;


С - жолында толық алынған қорлар, жұмыстар, қызметтердің құны көрсетіледі;


Бұл жол тек үш құрамдасты интеграцияланған жүйені қолданған жағдайда толтырылады.



  1. Есеп электрондық түрде берілген кезде «Па- тент құнын төлеу туралы мәліметтер» бөлімін- де 911.00.013 А, 911.00.013 В, 911.00.013 С, 911.00.013 D, 911.00.013 Е жолдарында төленген жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары бойынша мәліметтер (төлемнің атауы, БСК (бюджет сыныптамасының коды), төлем құжатының нөмірі, төленген күні, сомасы) көрсетіледі.


15-1. «Салық заңнамасы бұзылған жағдайда қы- зметін тоқтату туралы салық төлеушіге хабарла- ма» бөлімінде егер патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде кезекті патент құнының Есеп-қисабын неме- се салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзар- ту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішін табыс етпегенде немесе қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан бастап, оның қызметі, дара кәсіпкер ретінде Салық кодексімен белгіленген оңайлатылған


 


түрде    тоқтатылатын     болатындығымен    таныстым және келісемін деп көрсетіледі.



  1. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімін-


де:



  • «Салық төлеушінің аты-жөні» жолында жеке


басын куәландыратын құжаттарға сәйкес дара кәсіп- кердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);



  • есептің мемлекеттік кірістер органына тапсы- рған күні;

  • орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірі- стер органының коды көрсетіледі.

  • тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірі- стер органының коды.


Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтарды тіркеу туралы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны (место прописки) жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып танылады;


Осы тармақтың 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын декларацияны қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.


 





Пікір жазу