02.06.2022
  153


Автор: Ескен Елубаев

НЕДЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ?

Бауыр басқан қалаға,
Не дерсiң бұл балаға?
Келiп едi ауылға
Шықпай отыр далаға.
– Қызық екен мiнезi, –
Дейдi үйдiң иесi.


– Жабайы боп кеткен бе,
Қалада өсiп,
Бұл несi?
Айтты бала тосыннан:
– Қорқамын, – деп, – қозыдан,
Ауладағы бұзаудан,
Шықпай тұрмын осыдан.
Үй иесi күлiмдеп,
Жөн сұрады:
– Ұлым, – деп, –
– Неден сонда қорықпайсың?
Айтшы, кəне, шынын, – деп.
Көштi бала шынына,
Қаймықпай ел сынынан:
– Ұшып жүрген үйдегi
Қорықпаймын шыбыннан!..





Пікір жазу