02.06.2022
117
НАРЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Сатушымен тiлдестiк:
– Нарқы қанша алманың?
– Сатып жүрмiн күнде өстiп,
Қайсы алманы таңдадың?
Үш сом мына жатқандар.
Ал мыналар «екiден».
Разы дəмiн татқандар,
Рұқсат, таңда шетiнен.
– Бұл неге үш сом, себебi,
Түрi бiрдей бəрiнiң?
– Екi сомдық алмалар
Өзi үзiлiп түскендер.
Ал, үш сомдық алмалар
Қолмен терiп үзгендер...
Дық аласың көңiлге
Неге бұлай өмiрде?
Қолдаушысыз, сүйеусiз
Жүрмекке сен бекiнсең,
Көмек күтпей, бiреусiз
Өзiң пiсiп жетiлсең,
Бұл шындықты бiл дер ем,
Ойлантардай əркiмдi:
Ондай болсаң,
Ел төмен
Бағалайды нарқыңды...
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ нарық философия